×

Ресейде жынысы белгісіз нәрестелер дүниеге келіп жатыр

Түмен денсаулық сақтау басқармасы сондай мутация пайда болғанын мәлімдеді

 Еркеғали Болатұлы 07.01.2024 | 13:05
фото: wellnesspointe.org

Ресейдің Түмен облысында 2023 жылы жынысы белгісіз 6 бала дүниеге келген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы сирек кездесетін мутацияға ұшыраған нәрестелерден ер мен әйел жынысын ажырата алмағандарын айтады. Бұл туралы 72.ru хабарлады.

Түмен денсаулық сақтау басқармасы адамның сыртқы және ішкі жыныс мүшелерінің әйел немесе еркек жынысына сәйкес келмейтін мутациясы пайда болғанын мәлімдеді. Мамандар мұндай балалардың жынысын хирургиялық жолмен түзетуге болатынын жеткізді. Алайда алдымен жынысты нақтылау үшін генетикалық зерттеу жүргізу қажет екен.

Облыста бұрын да жыныстық дамуында ауытқуы бар балалар дүниеге келген. Мәселен, 2022 жылы осындай диагноз 3 сәбиге, ал 2021 жылы 2 нәрестеге қойылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама