7 қаңтарда бірқатар өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады
Елімізде барлық бағыт бойынша республикалық маңызы бар автожолдарда шектеулер алынды. Бұл туралы ҚазАвтоЖол хабарлады.
Бұған дейін Абай облысы мен Жетісу облысындағы үш учаскеде көліктің барлық түріне шектеу енгізілген болатын. Сондай-ақ Үшарал – Достық республикалық маңызы бар автожолдың Көктұма – Достық станциясы аралығында көлік қозғалысына шектеу енгізілген еді.
Айта кетейік, синоптиктер 7 қаңтарға ауа райы болжамын ұсынып, елдің бірқатар өңірінде дабылды ескерту жариялады.