Путинцеваның келесі қарсыласы кейін анықталады
Қазақстанның екінші, әлемнің 63-ракеткасы Юлия Путинцева Хобарт (Аустралия) WTA 250 турниріне жолдама алды.
Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында дүниежүзілік рейтингте 115-орында тұрған аустралиялық Кимберли Биррелмен кездесті. Бірінші партияда Путинцева 6:3 есебімен басым болды.
Екінші сетте де ол 2:0 есебімен алға шықты. Бірақ есеп 5:3 болып, матчқа доп бергенде, мүмкіндігін пайдалана алмады. Дегенмен кездесуді брейкпен аяқтады – 6:4.
Осылайша негізгі жарысқа өткен Юлия Путинцеваның келесі қарсыласы кейін анықталады.