Алматыдан 55 шақырым жерде жер сілкінді

Халық үні

Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында орналасқан

Фото: Тимур Батыршин

Алматыдан шығысқа 55 шақырым жерде жер сілкінді. Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС 7 қаңтар сағат 9:10-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан шығысқа қарай 55 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.3.

MPV магнитудасы – 4.6.

Тереңдігі – 10 шақырым.

МЅК-64 шкаласы бойынша Түргенде 3 балл, Алматы қаласында 2 балл сезілді.