Алматыдан 55 шақырым жерде жер сілкінді
Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында орналасқан
Алматыдан шығысқа 55 шақырым жерде жер сілкінді. Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС 7 қаңтар сағат 9:10-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан шығысқа қарай 55 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.3.
MPV магнитудасы – 4.6.
Тереңдігі – 10 шақырым.
МЅК-64 шкаласы бойынша Түргенде 3 балл, Алматы қаласында 2 балл сезілді.