Ол билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды
Рудныйлық тұрғын полицейді қасақана қаққаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Жүргізуші билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот оған пробациялық бақылауды белгілей отырып, 2 жыл бас бостандығын шектеуді тағайындады.
Еске сала кетсек, 22 желтоқсанда Рудный қаласында Toyota жүргізушісі «Мүгедектерге арналған тұраққа» көлігін қойған болатын. Заң бұзушылықты байқаған патрульдік полиция қызметкері көлікке жақындап, жүргізушіге ескерту жасады. Ер адам агрессивті әрекет етіп, оқиға орнынан қашпақ болған. Ол полиция қызметкерін көліктің капотында 50 метрдей сүйреп, содан кейін ол қашып кеткен.