Салдарынан 3 адам зардап шекті
Алматыда BMW және жедел жәрдем соқтығысып, салдарынан 3 адам зардап шекті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы 6 қаңтарда сағат 01.10-да Рысқұлов даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында болды, – делінген полиция хабарламасында.
zakon.kz сайтының мәліметінше, соқтығыс салдарынан ВMW маркалы көліктің жүргізушісі мен жедел жәрдем көлігінде болған 2 жолаушы зардап шеккен.
Алатау өңірі басқармасының қызметкерлері апатты тергеуге кірісті.