Halyq Uni логотип
×

Маңғыстау облысында 21 жастағы жігітті атып кетті

Ол – отбасындағы жалғыз ұл

 Еркеғали Болатұлы 04.01.2024 | 17:43
Маңғыстау облысында 21 жастағы жігітті атып кетті
фото: Halyq Uni

2 қаңтарда сағат 21:04 шамасында Маңғыстау облысының Қарақия ауданына қарасты Құрық ауылының 2002 жылы туған тұрғыны аудандық ауруханаға оқ жарақатымен жеткізілген.

Науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсеткен аудандық аурухана дәрігерлерінің айтуынша, ол санавиация арқылы ауыр жағдайда облыстық ауруханаға ауыстырылған.

Жәбірленушінің жақ сүйегі жараланған. Қазір реанимацияда жатыр.

Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша жүргізіледі. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Құрық ауылы тұрғындарының айтуынша, 21 жастағы жәбірленуші – отбасындағы жалғыз ұл.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама