Оқиға орнына облыс әкімі Асайын Байханов барды
Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Майқайың кенішіне 4 жолаушы отырған автобус құлап кетті, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Оқыс оқиға бүгін сағат 01:25 шамасында болған. Кеніш «Майкаинзолото» АҚ-ға тиесілі.
Шұңғырға құлаған автобуста 4 жолаушы (КӘАҚҚ РОШ Павлодар филиалының 3 құтқарушысы мен 1 жүргізуші) отырған. Шұңқырдың ұзындығы – 150-200 метр, ені – 500 метр, тереңдігі – 150 метр. Шахтадан 33 жұмысшы эвакуацияланды. Олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ.
Жедел штаб ұйымдастырылды. Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов, ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардың басшылығы оқиға орнына барды.
Бүгінде «Майкаинзолото» АҚ кенішінде авариялық-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Апаттың салдарын жоюға 44 адам мен 13 техника, бір дрон жұмылдырылды.