Қала тұрғыны көлігін тұраққа дұрыс қоймаған
Өскемен қаласында саябақта тұрған автокөлік Ертіс өзеніне сырғып, ағып кетті.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қаладағы «Самал» саябағында жүрген адамдар Ертіс өзенінде ағып бара жатқан автокөлікті көріп қалып, құтқарушыларға хабарласқан. Кейін анықталғандай, автокөліктің иесі оны тұраққа дұрыс қоймаған.
Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жағадан 100 метрдей жерде ағып бара жатқан Subaru Impreza маркалы көлікті көріп, судан алып шықты. Әуелі сүңгуірлер көліктің ішін қарап шыққан. Онда адам болған жоқ, – делінген хабарламада.
Қала тұрғыны көлігін тұраққа қойған кезде қауіпсіздік шараларын сақтамаған. Соның кесірінен көлік Ертіс өзініне қарай сырғып кеткен.