Істі экономикалық тергеу департаменті қолға алған
«Алматыэлектротранс» компаниясының бұрынғы директоры Берікхан Мырзакәрімовке іздеу жарияланды, деп хабарлады Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталы.
Экс-басшысын Қаржылық мониторинг агенттігі іздеп жатыр. Оған іздеу 2023 жылғы 26 желтоқсанда жарияланған.
Іздестіруді Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті жүргізуде.