Қызылорда облысында 5 млн теңгенің газ құбырларын ұрлағандар ұсталды
Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды
Қызылорда облысында газ құбырларын ұрлаған күдіктілер қолға түсті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Облыстық ПД-ның Шиелі аудандық полиция бөліміне ұрлық жөнінде арыз түскен. Белгісіз біреулер мекемеге тиесілі 3 метрден кесілген 54 газ құбырын ұрлап кеткен. Мекемеге жалпы 5 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірілді.
Полицейлермен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар 2 күдікті анықталып, ұсталды. Ұрлық жасаған аудан тұрғындары болып шықты. Ұрланған құбырлар заттай дәлелдеме ретінде алынды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен («Ұрлық») сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген хабарламада.
Күдіктілердің облыс аумағында болған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.