Жанжал әлеуметтік желіде басталған
Ақтөбеде екі жасөспірім Instagram әлеуметтік желісінде бір-бірімен сөзге келіп қалып, төбелесіп, көз жұмды.
Олар 3 қаңтарға қараған түні бір-бірімен кездесіп төбелескен. Олар өздерімен бірге бір топ бозбаланы ертіп келген. Олар да төбелескен. 4 адам пышақ жарақатын алып, ауруханаға түсті. Соның кесірінен 2006 жылы туған екі жасөспірім жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Қазір осы қылмысқа қатысы бар деген күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, Қылмыстық кодекстің «Кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.