Halyq Uni логотип
×

Түркістан облысында 95 млн теңгеден астам қарызы бар жүргізушілер анықталды

Көліктер сот қаулысына сәйкес айыптұраққа қойылды

 Динара Амантай 03.01.2024 | 11:37
Түркістан облысында 95 млн теңгеден астам қарызы бар жүргізушілер анықталды
Фото: Halyq Uni

Түркістан облысында «Қорғау» бағдарламасы арқылы жалпы 95 миллион теңгеден астам қарызы бар 13 көлік анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Түркістан облысы ПД жедел басқару орталығының қызметкерлері жеке сот орындаушыларынан келіп түскен сот қаулылары негізінде ірі көлемде қарызы бар көліктерді анықтап жатыр. Бұл бағытта тәртіп сақшылары «Қорғау» бағдарламасын қолданады. Мәселен, полицейлер қараша, желтоқсанда бейнебақылау камераларының көмегімен мемлекетке берешектерін төлеуден жалтарып жүрген 13 автокөліктің иесін анықтады. Олардың жалпы қарызы 95 миллион теңгеден асады. Бұл көліктер сот қаулысына сәйкес айыптұраққа қойылды.

Жедел басқару орталығына жеке сот орындаушысынан 27 миллион 621 мың теңге көлеміндегі қарызын төлемей жүрген Toyota автокөлігін анықтауға көмек көрсету туралы сұрау түсті. Полицейлер аталған көлікті бейнебақылау камералары арқылы Түркістан қаласындағы көшелердің бірінен анықтап, тоқтатты. Тәртіп сақшылары борышкердің автокөлігін айыптұраққа қойды, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама