Halyq Uni логотип
×

9 мыңнан аса жолаушы қауіпсіз жерге көшірілді – ҚТЖ

Қарды тазалауға 3,6 мың жұмысшы тартылды

 Дәурен Ерболат 03.01.2024 | 09:33
9 мыңнан аса жолаушы қауіпсіз жерге көшірілді – ҚТЖ
Фото: transportpedia.org

Жаңа жыл мерекесінде ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда қалып қойған 9 мыңнан аса жолаушы пойызбен қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ.

Ұлттық компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, жолаушылардың жайлылығы үшін қосымша пойыздар мен тіркеме вагондарда 30 мың орын дайындалған.

Олар ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысы тоқтатылған елді мекендерден жолаушыларды шығару үшін тартылды. Осылайша, қар басқан аудандардан 9 мыңнан аса жолаушы эвакуацияланды, - деп жазылған хабарламада.

Биыл 2 қаңтарда Көкшетау, Бурабай курорты, Атбасар, Павлодар бағытында 4 қосымша қала маңы пойызы іске қосылды. Жолаушыларға қосымша 1300 орын ұсынылды.

Жолаушыларға ыңғайлы қызмет көрсетуге арналған вокзалдар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Қазақстандағы вокзалдарда 600-ден аса кезекші күн сайын жолаушыларға тиісті ақпаратты хабарлап жатыр. Теміржолды қардан тазарту тәулік бойы жүргізілуде, - деп жазылған хабарламада.

29 желтоқсаннан 2 қаңтарға дейін темір жолдардан 36 мың текше метрден аса қар шығарылып, 12,9 мың шақырым жол тазартылды. Қарды тазалауға 73 техника мен 3,6 мыңнан аса жұмысшы тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама