Қарағанды облысында ірі көлік апаты болды (ВИДЕО)
Жүргізушілер жолда сақ болуға тиіс
Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ірі көлік апаты тіркелді, деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Оқыс оқиға 2 қаңтарда сағат 13.20 шамасында Алматы-Екатеринбург тас жолының 1353-1425 шақырымында болған.
7 көлік соғылды. Олардың арасында зардап шеккендер жоқ. Автомобильдер Астанадан Қарағанды облысына қарай жолды жаппай тұрып өтіп кеткен. Ошағанды кентінің маңында жолдың көрінбеу салдарынан көліктер бір-бірімен соқтығысты, - деді облыстық ПД Патрульдік полиция батальонының командирі Бекзат Сәулембаев.
Полицейлер көлік жүргізушілерден алыс жолға шықпауды сұрайды.