Сондай-ақ өңірде 7 жол-көлік оқиғасы мен 2 пышақ жарақаты тіркелді
Маңғыстау облысында 1 қаңтарға қараған түні 1 ересек адам мен 2 бала петардадан зардап шеккен. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
1 қаңтарға қараған түні Маңғыстау облыстық жедел жәрдем станциясының диспетчерлік бөліміне 1 216 қоңырау түскен. Бұл – жұмыс күндерінен 2 есе көп. Салдарынан диспетчерлер мен фельдшерлердің жұмысы 2 есе артқан.
Атап айтқанда, 7 жол-көлік оқиғасы, 2 пышақ жарақаты бойынша қоңыраулар түскен. Сондай-ақ 3 адам петардадан зардап шеккен.
Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасынан кейін бір адам ауруханаға жатқызылғанын хабарлады. Жол апатынан зардап шеккен 3 адам көмек көрсеткеннен кейін үйлеріне жіберілді. Отшашудан жарақат алған ересек адам да ауруханаға жатқызылды. Улану жағдайлары болған жоқ.