ТЖМ тұрғындарға ескерту жасады
Өткен тәулікте 518 адам құтқарылды және эвакуацияланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Өткен тәулікте Қазақстан ТЖМ күштері 163 рет оқиға орнына шығып, оның 94-і өрттер мен жану оқиғаларына, 68-і іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарға болды.
Бұл ретте 518 адам, оның ішінде 65 бала құтқарылды және эвакуацияланды.
ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.
Ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға ауа райы нашарлаған жағдайда алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тарту ұсынылады.