Оның ішінде 101 ұл және 90 қыз туды
Жаңа жыл қарсаңында республиканың перзентханаларында 191 сәби, оның ішінде 101 ұл және 90 қыз дүниеге келді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, мереке түнінде туған нәрестелердің ең көп саны Түркістан облысында тіркелді – 38 бала, екінші орында – Шымкент қаласында 23 бала дүниеге келді және Алматыда 22 отбасы толығуды атап өтті.
Республика астанасында Жаңа жыл қарсаңында 10 бала дүниеге келді.