Мереке қарсаңында полиция күшейтілген режимге көшті
Біз халық пен қоғамның талабына сай болуымыз керек, – деді Ержан Саденов
Жаңа жылдық мерекеге байланысты полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігінде жедел кеңес өткізіліп, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ету бойынша қызметкерлерге бірқатар міндет жүктелді.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, кеңесте министр бүгіннен бастап құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, жаяу нарядтардың санын көбейтуді, шыршалардың сақталуына жауаптыларды анықтауды, құқықбұзушылықтың алдын алуды тапсырды.
Заңдылық пен тәртіптің сақталуына ерекше назар аудару қажет. Халық пен қоғамның талабы – кәсіби білікті және адал полиция. Біз осы талапқа сай болуымыз керек, – деді Ішкі істер министрі Ержан Сәденов.
Сонымен қатар кеңесте жеке құрамға еліміздің барлық өңірлерінде гарнизондық сап түзеу өткізу тапсырылды.