Павлодар облысында 4 ер адам қайғылы жағдайда көз жұмды
Оқиға орнында дәрігерлер төрт ер адамның қайтыс болғанын растады
Павлодар облысындағы тасжолда жол апатынан адам көз жұмды. Екі көлік соқтығысты. Ішінде болғандардың барлығы қаза тапты, деп хабарлайды Kazinform.
Жол апаты Тереңкөл ауылынан 25 шақырым жерде болған. Оқиға орнынан жедел жәрдемге хабарлама кешкі сағат 17:58–де келіп түскен.
«Апатқа екі көліктің соқтығысуы себеп болды. Байқоныс ауылынан жедел жәрдем бригадасы мен медицина қызметкерлері жұмылдырылды. Жедел жәрдем бригадасы бірінші санаттағы шұғыл шақырумен шықты, медицина қызметкерлері апат орнына 11 минутта жеткен. Оқиға орнында дәрігерлер төрт ер адамның қайтыс болғанын растады», - деп хабарлады жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінен.
Полиция департаменті әзірге оқиғаның мән-жайы мен себебін жарияламады.