Сотта кәсіпкер өз кінәсін толығымен мойындады
Сібір жарасын жұқтырған малдың етін сатқан кәсіпкер жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni.
Жамбыл облысы Талас аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 425-б. 2-б. («Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу») бойынша жеке кәсіпкерге қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта анықталғандай, 2023 жылдың тамызда ет өнімдерін сатумен айналысатын кәсіпкер сібір жарасымен ластанған етті өткізіп, сол арқылы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзған, салдарынан адам денсаулығына зиян келтірген.
Сотта кәсіпкер өз кінәсін толығымен мойындады.
Сот қаулысымен кәсіпкер С. ӘҚБтК-нің 425-б. 2-б. бойынша кінәлі деп танылып, оған 1 млн теңгеден астам айыппұл салынды, – делінген сот хабарламасында.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.