Шымкентте емхана дәрігерлеріне 1,4 млн теңге айыппұл салынды

Динара Амантай

Жыл басынан бері департамент 8 әкімшілік хаттама түзген

Фото: СЖҚА Шымкент қ. бойынша департаменті

Шымкентте емхана дәрігерлеріне 1,4 млн теңге айыппұл салынды, деп хаабрлады Halyq Uni тілшісі.

Қалалық Антикор басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаевтың айтуынша, еңбекке жарамсыздық парағын бекіткені үшін 5 мың теңге көлемінде заңсыз материалдық сыйақы бергені және алғаны үшін бас дәрігер мен жеке клиниканың дәрігері әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оларға 1,4 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында әкімшілік тәжірибеге ерекше көңіл бөледі.

Жыл басынан департамент 8 әкімшілік хаттама түзіп, айыппұлдың жалпы көлемі 2,5 млн теңгеден асты.