Halyq Uni логотип
×

Абай облысында терроризмді насихаттаған тұрғын ұсталды

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 29.12.2023 | 12:00
Абай облысында терроризмді насихаттаған тұрғын ұсталды
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның қолғабыс етуімен Абай облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ол әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттады деген күдікке ілінді. Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер алынды.

Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама