Halyq Uni логотип
×

БҚО-да әкімдік қызметкері 12 млн теңге жымқырған

Тергеу нәтижесі бойынша іс сотқа жолданды

 Динара Амантай 29.12.2023 | 11:20
БҚО-да әкімдік қызметкері 12 млн теңге жымқырған
Фото: Halyq Uni

БҚО-да әкімдік қызметкері 12 млн теңге жымқырған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Прокурорлық тексеріспен БҚО Шағатай ауылдық округі әкімінің аппараты бас маманының 2020-2023 жылдар аралығында өзінің карточкалық шотына заңсыз аудару жолымен 12 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды.

Бұл факті ҚР ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ-ға тіркеліп, кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу үшін Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне, ал тергеу нәтижесі бойынша іс сотқа жолданды, – делінген хабарламада.

Сот үкімімен әкімдік қызметкері 3 жылға бас бостандығынан айырылып, оған қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде жазасын өтеу тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама