Ақтауда балабақша тәрбиешілері 2 жасар қызды ыстық суға күйдіріп алған

Еркеғали Болатұлы

Жұбайым алып кетуге барғанда қызымды көріп, шошып кеткен, - дейді анасы

фото: fb.ru

Ақтауда балабақшада бала ыстық суға күйіп қалған. Енді тәрбиешілер тәртіптік жауапкершілікке тартылмақ. Бұл туралы InAktau.kz хабарлады.

2 жас 3 айлық қыз 7% күйік алды. Баланың анасы ол 26 желтоқсанда күйгенін айтады. Оны балабақшада тәрбиешілер жуындырған кезде үстіне ыстық су құйған.

Сағат 16:00-де Bala Land балабақшасының меңгерушісі қоңырау шалып, менің баламды жуындырған кезде аздап күйіп қалғанын айтты. Сағат 18:00-де жұбайым баланы алып кетуге барды. Қызымды көріп, шошып кеткен. Белге дейін бұты, сол аяғы күйіп, терісіне көпіршіктер шығып кеткен. Сағат 19:00-де үйге жедел жәрдем шақырдық. Оны балалар ауруханасына алып кетті, – дейді анасы.

Травматолог көпіршіктерді алып тастап, үйге қайтарған. Қызда II дәрежелі термиялық күйік болды. Ата-ана полицияға арыз жазған. Қазір олар кінәлілердің жауапқа тартылғанын талап етіп отыр.

Қалалық білім басқармасы аталған балабақшаның жеке меншік екенін мәлімдеді.

Қазір балабақша басшылығына тиісті шаралар қабылдау туралы ескерту берілді. Директордың ақпараты бойынша ұжымға түсіндірме әңгіме өткізілді. Сондай-ақ тиісті тәртіптік шараларды қабылдау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.