Прокуратура оқушылар құқығының сақталуына талдау жасады
Павлодар облысында медициналық колледждің мыңға жуық студентіне 40 млн теңге төленді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Павлодар облысының прокуратурасы оқушылар құқығының сақталуына жүргізген талдау кезінде медициналық колледж студенттеріне биылғы өсімді есепке алмай, шәкіртақыны есептеу фактісін анықтады.
Айта кетсек, биыл 1 қыркүйектен бастап төлемдер мөлшерін арттыру бойынша заңнамалық түзетулер қабылданған. Шәкіртақы 10,5 мың теңгеге, яғни 20 мың 948-ден 31 мың 422-ге дейін артқан. Осыған қарамастан, биылғы оқу жылының басынан бері 965 студент ескі мөлшерлеме бойынша шәкіртақы алып отырған. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша облыс әкімдігі берешекті өтеу үшін 40 млн теңге өнідірген, – делнген прокуратура хабарламасында
Қазір студенттерге тиесілі барлық сомалар төленіп, кінәлі адамдар жазаланды.