Марқакөл ауданының тұрғындары Тоқаевқа ризашылығын білдірді (ВИДЕО)
Тұрғындар Президенттің жаңа аудан құру туралы шешімін тарихи оқиға деп есептейді
Марқакөл ауданының тұрғындары президентке ризашылығын білдірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ШҚО-дағы Қатонқарағай ауданының құрамынан бөлу жолымен әкімшілік орталығы Үлкен Нарын ауылында орналасатын Үлкен Нарын ауданын және Күршім ауданының құрамынан бөлу жолымен әкімшілік орталығы Марқакөл ауылында орналасатын Марқакөл ауданын құру туралы жарлыққа қол қойған болатын.
Шығыс Қазақстан облысының құрамында:
1) Қатонқарағай ауданының құрамынан бөлу жолымен әкімшілік орталығы Үлкен Нарын ауылында орналасатын Үлкен Нарын ауданы;
2) Күршім ауданының құрамынан бөлу жолымен әкімшілік орталығы Марқакөл ауылында орналасатын Марқакөл ауданы құрылсын, – делінген құжатта.
Осыған байланысты Марқакөл ауданының тұрғындары Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнежазба жолдап, президенттің бұл Жарлығына өз ризашылықтарын білдірді. Тұрғындар бұл шешімді тарихи оқиға деп есептейді.