Halyq Uni логотип
×

Қарағанды облысында 5 жасөспірімге азғындық әрекет жасаған педагог сотталды

Ол балаларға ақша ұсынған

 Динара Амантай 29.12.2023 | 09:43
Қарағанды облысында 5 жасөспірімге азғындық әрекет жасаған педагог сотталды
Фото: Halyq Uni

Қарағанды облысында 5 жасөспірімге азғындық әрекеттер жасаған ер адам сотталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сотта анықталғандай, 2023 жылғы 2 сәуірде Қарағанды қаласының 16-шағын ауданында сотталушының 5 балаға ақша ұсына отырып, зорлық-зомбылық қолданбай, азғындық әрекеттер жасағанын анықтады.

Сотталушының кінәсі жас жәбірленушілердің, олардың заңды өкілдері мен куәгерлерінің айғақтарымен, жәбірленушілер мен сотталушыға қатысты кешенді сот психологиялық-психиатриялық сараптамаларының қорытындыларымен, сондай-ақ қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

Сот қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сотталушыға педагогикалық лауазымдар мен кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 8 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады, – делінген сот хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама