22 жастағы жігіт «альпинист» болып терезені қағып, балаларды құттықтап жүр
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында пробация қызметінде есепте тұрған 22 жастағы жігітке «Аяз ата» қызметі үшін тапсырыс көбейіп жатыр.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, есептегі сотталған жігіт «альпинист» болып, балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап келеді.
Ведомство инспекторларының айтуынша, жігіттің мінез-құлқы, өмірге деген көзқарасы жақсы.
Бұл азамат альпинистік дағдыларды жетік меңгерген. Ол мұны кәсіби түрде жасайды. Жазда терезелерді жуады, ал Жаңа жыл қарсаңында «Аяз ата» болып жұмыс істейді. Біз оның бастамасын қолдадық. Қазір «Аяз атамызда» тапсырыс көп. Сондықтан біз бірден объектілерді тексердік, – деді Павлодар қалалық пробация қызметінің бастығы Серік Бөлекпаев.
Оның пікрінше, сотталған азамат ата-анасымен бірге тұрады. Оның өзі бұл жұмыстың өзіне ұнайтынын, бұл қызметтің көп ақша табуға мүмкіндік беретінін айтады. Альпинизмнен басқа, оның негізгі жұмыс орны бар.