Үкімет басшысы жаңа жайлы мектептер құрылысының сапасын мұқият қадағалауды тапсырды

Динара Амантай

Бүгінде 217 мектеп бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр

Фото: Астана қ. әкімдігінің баспасөз қызметі

Үкіметте премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Кеңеске қатысушылар жаңа білім ордаларын жобалау және салу, оларды заманауи жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру, мемлекеттік сараптама жүргізу, қаржыландыру және басқа да бірқатар мәселені талқылады.

Бүгінде 217 мектеп бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Барлық процесс жобалық басқарудың арнайы ақпараттық жүйесінде бақыланады. Сондай-ақ онда нақты уақыт режимінде құрылыс-монтаждау жұмыстары барысын бақылауға болады. Жалпы 2026 жылға дейін ұлттық жоба аясында 740 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы 369 мектеп салу көзделген.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдар жұмыстардың орындалу сапасын мұқият қадағалап, нысандардың бағасын негізсіз көтеруге жол бермеуге тиіс. Мектептерді белгіленген мерзімде тапсыру қажет.