Halyq Uni логотип
×

Психолог мұғалімдерге жартылай жалаңаш оқушыға да тиіспеу керектігін ескертті

«Тәрбиелеме! Шаруаң болмасын!» - деп отыр

 Еркеғали Болатұлы 24.05.2022 | 15:08
Психолог мұғалімдерге жартылай жалаңаш оқушыға да тиіспеу керектігін ескертті
фото: studybreaks.com

«Бүгін» бағдарламасында «Жасөспірімдер суицидке не себепті көп барады?» деген тақырып талқыланып, оған қатысқан психолог Серікгүл Сәли мектептердегі бала тәрбиесіне қатысты пікір білдірді.

Оқушылардың өз-өзіне қол жұмсауына буллингтің әсері бар екенін алға тартқан психолог оның бастамасын мұғалімдердің өздері қалыптастыратынын жеткізді.

«Тікелей зерттеулерім үшін қаншама мектепке бардым. Көп жағдайда буллингті ұстаздардың өздері бастайды.

Баланы сыныптың алдына тұрғызады да «Масқара, мынаны білмейді, ұят ай деп бүкіл сыныптың алдында ұялтады. Мен қанша ұстазға барып, «олай жасауға болмайды, сіз өзіңіз буллингке бастама беріп тұрсыз» деймін.

Көбінесе олар оны тыңдай бермейді. Қазіргі ұстаздар өте сауатты болу керек. Бала сенің алдыңда жартылай жалаңаш па, шашының жартысын бояп алған ба, мейлі», - дейді Серікгүл Сәли.

Оның айтуынша, баланы тек білім арқылы еліктірген жөн.

«Тәрбиелеме! Шаруаң болмасын!» - деп отыр мұғалымдерге.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама