Halyq Uni логотип
×

Қазақстандық әуе компаниялары жаңа рекорд орнатты

28 елмен халықаралық әуе қатынасы жолға қойылған

 Динара Амантай 28.12.2023 | 12:15
Қазақстандық әуе компаниялары жаңа рекорд орнатты
Фото: Halyq Uni

Биыл қазақстандық әуе компаниялары рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, тасымалданған жолаушылар саны 13 млн-ға жетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қазақстандық авиакомпаниялардың әуе кемелерінің паркі 89-дан 99-ға дейін, ал кресло-орындардың сыйымдылығы 12-ден 15 мыңға дейін ұлғайтылды. Қабылданған шаралар әуе тасымалдарының қолжетімділігін жақсартуға және рейстердің жүйелілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жеке инвестициялар есебінен Шымкент, Қызылорда және Алматы қалаларында 3 жаңа жолаушылар терминалының құрылысы жүргізіліп жатыр. Аталған нысандар келесі жылдың наурыз, мамыр және маусымында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Барлық өңірді қолжетімді әуе тасымалдармен қамту мақсатында 23 ішкі әлеуметтік маңызы бар және туристік бағыт субсидияланды.

Жыл соңына дейін қазақстандық әуежайлар 25 млн-нан астам жолаушыға қызмет көрсетеді. Бұл – 2022 жылмен салыстырғанда, 22%-ға артық.

Ішкі тасымалдау көлемі толығымен қалпына келтірілді және аптасына 50 бағыт бойынша 640 рейсті қамтиды.

28 елмен халықаралық әуе қатынасы жолға қойылған. Биыл 23 бағыт бойынша 13 елге жаңа рейстер жаңартылып, ашылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама