Прокуратураның араласуымен мәселе шешілді
Астанада энергия жеткізуші компания инвестордың жобаны іске асыруына ұзақ уақыт бойы кедергі келтірген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Инвесторлардың мәселелерін тиімді шешу және олардың құқығын қалпына келтіру мақсатында елорда прокуратурасы кәсіпкерлер палатасының алаңында 350 жұмыс орнын құра отырып, құны 6 млрд теңге болатын сауда орталығын салу жобасын іске асырып жатқан инвестормен кездесу өткізді.
Энергия жеткізуші компания инвесторға ұзақ уақыт бойы электр желілеріне қосылудың техникалық шарттарын бермегендігі анықталды. Отырыс қорытындысы бойынша мүдделі тұлғаларға нақты ұсыныстар бере отырып, кәсіпкердің түйткілді мәселесін шешу бойынша ұсыныстар әзірленді. Нәтижесінде прокуратураның үйлестіруімен мәселе шешіліп, инвестор қажетті құжатты алды, – делінген прокуратура хабарламасында.
Инвестициялық жобаны қолдау жалғасады және прокуратура басшылығының бақылауында болады.