×

«Қуанышты жаңалық»: анасын іздеп жүрген қазақ баласы тосын мәлімдеме жасады

Анашымды тауып, құшағыма аламын деген үміттемін

 Халық үні 27.12.2023 | 23:41
фото: видеодан скриншот

Еуропалықтар асырап алған қазақ баласы Эдди Жан өзінің Instagram-дағы парақшасында қуанышты жаңалығын хабарлады.

Құрметті қазақ елі қуанышты жаңалық бар! Бүгін болжамды екі ананың ДНК сараптамасының нәтижесі белгілі болмақ!

Аз уақыт қалды, менде дәл қазір толқып отырмын. Анашымды тауып, құшағыма аламын деген үміттемін!, - деп жазды ол. 

Айта кетейік, Мұрат анасынан хабар болмаса да, үмітін үзбейтінін айтқан болатын. 

«Егер анамнан ешқандай хабар болмаса, бұнымен тоқтамаймын. Іздеймін, зерттеулерді жалғастырамын. Менімен бірге дұғада болған әрбір адамға шын жүректен алғыс айтамын.
Бұл іздеу әлі аяқталған жоқ. Мен Анамды сіздердің көмектеріңізбен табамын. Рақмет сіздерге»,  - дейді ол. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама