Павлодарда продюсер мен рэперден есірткі табылды
Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр
Павлодарда продюсер мен рэперден есірткі табылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлер есірткі таратты деген күдікпен екі азаматты ұстады. Елорда тұрғындарының заңсыз интернет-дүкеннің мүддесі үшін тыйым салынған заттарды жеткізуші болғаны, Павлодар қаласына заңсыз қашықтықтан есірткі сатуды таңдағаны анықталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 28 жастағы рэпер ұсталды. Оның тұрғылықты жерін тінту кезінде құрамында каннабис бар байлам және телефон табылды. 27 жастағы ер адам иесі болып табылатын студияны тінту кезінде жазбалар мен өсімдік тектес есірткі құралдары, тауарды буып-түюге арналған электронды таразы мен ноутбук табылды, – деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.
Полиция бұл факті бойынша Қылмыстық Кодекстің 297-бабы 3-бөлігі («Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Күдіктілерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.