×

«Қазақмыс» кенішінде 31 жастағы жұмысшы қаза болды

Қайғылы оқиға 26 желтоқсанда болған

 Халық үні 27.12.2023 | 09:40
Фото: inbusiness.kz

Ұлытау облысындағы «Жыланды» кенішінде 31 жастағы жұмысшы мерт болды.

«Қазақмыс» компаниялар тобының баспасөз қызметі Ұлытау облысында орналасқан «Жыланды» кенішінде қайғылы оқиға болғанын хабарлады.

26 желтоқсан сағат 18:30-да шахта учаскелерінің бірі – «Шығыс Сары-Обада» өздігімен жүретін жерасты машинасының өндіріс орнына қозғалысы барысында жүргізуші 1992 жылы туған машинистті абайсызда басып кетті. Салдарынан жұмысшы өлімге әкеп соқтырған ауыр жарақат алған.

Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себебін анықтап жатыр.

«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза болған жұмысшының туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Бұған дейін «Қазақмыс» компаниясының Жамбыл облысындағы «Жайсан» кенішінде жазатайым оқиға болып, екі кенші қаза тапқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама