×

Елордалықтар мешіт құрылысына қарсы шығып отыр

Құрылыс бөлімі мен қала әкіміне бірнеше рет жүгінген

 Еркеғали Болатұлы 24.05.2022 | 13:50
фото: видеодан скриншот

Нұр-Сұлтанда «Ерке» тұрғын үй кешенінің тұрғындары мешіт құрылысына наразылық білдірді. Айтуларынша, оларға құрылыс компаниясы үйдің ауласына саябақ саламыз, ауланы көгалдандырамыз деп уәде берген. Алайда қаңтар айында қоршалған аймақта мешіт құрылысы басталып кеткен. «Хабар» телеарнасының хабарлауынша, тұрғындар бас жоспардың өзгергеніне наразы.

Құрылыс аяқталған соң, көлік тұрағында орындар санының аз болуы да кедергі болуы мүмкін дейді тұрғындар. Олар қалалық құрылыс бөлімі мен елорда әкіміне бірнеше рет жүгінген.

Сондай-ақ құрылыс барлық талаптар мен ережелерге сай емес көрінеді. Нысандардың арасында арақашықтық дұрыс сақталмаған. Салдарынан тұрғын үй құрылымы да бұзылды деген пәтер иелері түрлі сараптамалар жүргізіп, құқықтарын сотта қорғау үшін дәлелдер жинап жатыр.

Ал елорда әкімдігі құрылыс компаниясының нысанды тұрғызуға қажетті заңды құжаттары бар деп отыр. Тіпті, мердігерлер тұрғындар арасында сауалнама жүргізгенде, олардың 80 пайызы мешіт құрылысына келісім берген. Алайда тұрғындар сауалнаманың жүргізілгенін жоққа шығарды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама