Көкшетауда босанатын уақыты жақындаған жүкті әйел аурудан көз жұмды
Перзентхана оны жүктіліктің 39-аптасында жоғары дене қызуына байланысты қабылдамаған
Көкшетауда айы-күні жақындаған жүкті әйел қайтыс болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, оның іші ауырып, дене қызуы көтерілген. Бұл туралы 716.kz хабарлады.
Тіпті әйелді жедел жәрдем бірнеше рет алып кеткен. Алайда оның ішіндегі нәрестені де құтқару мүмкін болмаған. Ақыр соңында қаланың емханаларының бірінде есепте тұрған марқұмның артында 2 баласы қалды.
Желі қолданушыларының бірі марқұмның небәрі 34 жаста екенін жазды.
Перзентхананың жүкті әйелді неге қабылдамайтынын түсінбеймін. Екеуі қабылдаудан бас тартқан. Апат емес, ауыр ауру емес, ЖРВИ. Мына заманда адам ЖРВИ-дан қайтыс болып жатыр, - деп жазды ол.
Тағы бір желі қолданушысының жазуынша, перзентхана әйелді жүктіліктің 39-аптасында жоғары дене қызуына байланысты қабылдамаған. Қала облыс орталығына, ал облыс қайтадан қалаға жіберген.
Әзірге ресми орындардан ешқандай жауап жоқ.