Олар Отанға адал қызмет етуге дайын
Өскеменде «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты №5518 әскери бөлімінде алғаш рет 3 қыз ант берді, деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.
Ант қабылдау рәсіміне жалпы 200-ден аса сарбаз қатысты. Олар Алматы, Ақмола, Павлодар және Қызылорда облыстарынан шақыртылған.
Бүгін – мен үшін еркше күн. Әлия мен Мәншүктің ерлігі – бізге үлгі. Сондықтан Отан алдындағы борышымды адал атқаруға барымды саламын, - деді қатардағы жауынгер Мөлдір Кенжебекова.
Сондай-ақ сарбаздың анасы Таңнұр Әлтауыт баласының жағдайы жақсы екенін көріп, қуанып қалғанын жеткізді.
«Бүгін біз баламыздың қуанышын көруге арнайы келдік. Мұнда оның жағдайы жақсы екен. Кеше ғана ауылдан келген бозбала еді. Бүгін есейіп қалғандай көрінді. Отан үшін берген уәдесін адал орындап, туған жеріне абыроймен оралады деп сенемін», - деді ол.