Қайғылы жағдай 22 желтоқсанда болды
Алматыда автобус жүргізушісіне қол көтерген ер адам екі айға қамалды. Бұл туралы Алматы қаласы сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Сот қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылды, күдікті А.-ны 2 ай қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды, - делінген сот таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, 22 желтоқсанда кешке №47 автобустың жолаушысы жанжал кезінде жүргізуші әйелді ұрған, соның салдарынан көлік жүргізушісі есін жоғалтып, көлікті басқара алмай қалған.
Бақылаудан шығып кеткен қоғамдық көлік аялдамада тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысқан.
Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, тағы 4 адам дене жарақатын алды.