Halyq Uni логотип
×

Алматы облысында латифундистерге айыппұл салынбақ

Олар учаскелердің шекарасын арықпен қазған

 Думан Қырықбаев 24.05.2022 | 12:53
Алматы облысында латифундистерге айыппұл салынбақ
фото: egemen.kz

Алматы облысында латифундистер өздеріне тиесілі жерлердің айналасын жыртып, арық қылып қазып тастаған. Осылайша, мыңдаған гектар алқапты қоршап, жердің құнарлы қабатын бұзған. Осыған байланысты, Алматы облысы әкімінің орынбасары Әлібек Жақанбаев тиісті сала басшыларына заңбұзушылықты анықтауды тапсырды.

«Ақсу ауданында «Күреңбел» 10 мың гектар, Кербұлақ ауданында «Алатау Дейри» 10 мың гектар, «Кеген нан» 3 мың гектар, «Каз мясо» 16 мың гектар жерді алып алған. Олар учаскелердің шекарасын арықпен қазған. Ол заңға сәйкес келмейді. Сондықтан, жер қатынастары басқармасына тапсырма бердім. Қажет болса, айыппұл салу керек», - деді Әлібек Әскербекұлы.

Латифундистер мұнымен қоймай, қарапайым халық мал айдайтын жайылымдық алқаптардың жолын да жауып тастаған көрінеді. Бұл ауыл жұртшылығының наразылығын тудырып отыр. Алматы облысы әкімінің орынбасары Әлібек Жақанбаев осы мәселеге қатысты да нақты іс-шаралар қолға алынатынын жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама