2025 жылдың соңына дейін еліміздегі базарларды жаңарту керек – Сауда министрі
Базарлардың кейбірі өрт және санитарлық талапқа сай келмейді
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 2025 жылдың соңына дейін еліміздегі базарларды түгел жаңарту керек екенін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Министрдің айтуынша, сауда базарларын дамыту әлі де өзекті.
«Олардың бәрі бірдей қала құрылысы, өрт және санитарлық стандарттарға сәйкес келмейді. Сондықтан бизнеспен бірге жаңартуды талап ететін базарлар анықталды. Бүгінде 460 универсалды базардың (елімізде барлығы 722 базар бар) 195-ін заман талабына сай жаңарту керек. Олардың 121-і жаңартылды. Қалған 74-і бойынша әкімдіктермен және базарлардың меншік иелерімен бірлесіп 2025 жылға дейінгі жол картасы бекітілді», - деді Арман Шаққалиев Мәжілістегі Үкімет сағаты.
Министр базарларды жаңартуды аяқтаудың әртүрлі мерзімі белгіленгенін, бірақ жұмыс 2025 жылдың соңында аяқталу керектігін атап өтті.
Мысалы, облыстардағы базарларды жаңарту үшін – 2025 жыл, ал Астана мен республикалық маңызы бар қалалар үшін (Алматы және Шымкент) – 2023 жыл.
Барлық сауда базарлары үшін – 2025 жылы 31 желтоқсанға дейін жаңартудың бірыңғай мерзімін белгілеуге бастамашылық жасап, қолдауларыңызды сұраймыз, - деді министр.