Маңғыстау облысында 2 шетелдік азамат босқын мәртебесін алды
Олардың жұмыс істеуіне, еркін жүріп-тұруына мүмкіндіктері бар
Маңғыстау облысында биыл пана іздеуші 4 және босқын мәртебесін алған 2 шетел азаматы тіркелген.
Босқын мәртебесін алғандар заңнамамен қорғалады. Мәртебе 1 жылға ғана беріледі. Ал оның ары қарай созылуын арнайы комиссия қарастырады.
Босқын мәртебесін және пана іздеуші статусын алған азаматтарға Қазақстан аумағында белігілі бір заңнамамен белгіленген жеңілдіктер, жұмыс істеуіне, еркін жүріп-тұруына мүмкіндіктері бар, - деді Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Досан Жеткізген.
Айта кетсек, биыл өңірге 3 мыңға жуық қандас қоныстанған.