×

Қарқаралыда адамдарға шапқан қасқыр асыранды болып шықты

Мойнында қарғыбауға тән белгі болған

 Еркеғали Болатұлы 24.12.2023 | 14:00
фото: arbatmedia.kz

Қарағанды облысының Қарқаралы ауылында жұртты әбігерге салған қасқыр асыранды болып шықты. Бұл туралы «Вечерний Караганда» басылымы хабарлады.

Сараптама қорытындысы қасқырда құтырма ауруының жоқтығын көрсетіп, мойнында қарғыбауға тән белгілер болғанын анықтады. Сондықтан жыртқыш бұралқы иттермен жүрген, бірақ оны полицейлер атып тастады. Әзірге қасқырдың қайдан қашып кеткені белгісіз.

Еске сала кетсек, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Қарқаралыда медициналық мекемеге жыртқыш тістеп, әртүрлі дәрежеде жарақат алған 3 адамның келгенін растаған болатын.

Бір әйелді бірнеше жерінен тістеп алған, екіншісінің жарақаты терең. Үшіншісінде сызаттар бар. Жағдайлары бірқалыпты, оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді.

Барлық жарасы емделді, құтыруға қарсы екпе алды және амбулаторлық емделуге шығарылды», - делінген басқарманың баспасөз қызметі хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама