Өртті сөндіруге 66 адам жұмылдырылды
Астанада «Ханшатыр» сауда ойын-сауық орталығында өрт шықты.
Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, сағат 14:00-де өрт туралы хабарлама түскен.
Өрт сөндірушілер трансформаторлық қосалқы станцияның 10 шаршы метр және нөлінші қабатта кабельді шахта өртеніп жатқаны анықтады. Өрттің таралу қаупі жоқ. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрт орнында жеке құрамның 66 адамы және Астана қаласы ТЖД 14 техникасы жұмылдырылды.