Компанияға жолаушыларды FlyArystan ұшағына ауыстыруды азайту тапсырылды
Көлік министрлігі Air Astana әуекомпаниясының борттарын ауыстыруға қатысты бірқатар тапсырма берді. Оның ішінде ұшақты ауыстырған жағдайда жолаушыларға өтемақы төлеу тәртібі әзірленетін болды.
«Air Astana» әуекомпаниясының әуе кемелерін жолаушыларға алдын ала тиісті хабарламасыз FlyArystan ұшағына ауыстыру жағдайларының көбеюіне байланысты Көлік вице-министрі Талғат Ластаев «Air Astana» АҚ өкілдерімен кездесті.
2023 жылы «Air Astana» әуе компаниясы 31 588 рейсті орындаған, оның ішінде 226 рейсте «Air Astana» әуекомпаниясының әуе кемелері «Fly Arystan» әуе кемелеріне ауыстырылған. Бұл орындалған рейстердің жалпы санының 0,7%-ы.
Жиын нәтижесінде «Air Astana» әуекомпаниясына тапсырма берілді:
Көлік министрлігі рейске байланысты өзгерістер болған кезде жолаушылар құқығы сақталуына мониторинг жүргізу бойынша жұмысты жалғастырады және бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік шаралар қабылдайды.