Halyq Uni логотип
×

Алматыда 2024 жылдың соңына дейін су басу мәселесін шешу жоспарланып отыр

Қалада жыл басынан бері 103,5 шақырым арық желісі салынды

 Халық үні 21.12.2023 | 15:22
Алматыда 2024 жылдың соңына дейін су басу мәселесін шешу жоспарланып отыр
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда 2024 жылдың соңына дейін су басу мәселесі шешіледі. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

2022 жылы зерттеу жүргізіліп, 102 учаске анықталды. Оның ішінде 2022 жылы 46 учаске, биыл қалған 56 учаске жойылды.

Биыл қосымша 33 учаске анықталды. Олар арық желілерін дамытудың арқасында жойылып жатыр. 60 жылда алғаш рет Әуежай көлінің түбін механикалық тазарту басталды. 19 коллектор мен 9 канал салынып, қалпына келтірілді. 3 өзен арнасының жағалауы нығайтылды.

Жыл басынан бері 103,5 шақырым арық желісі салынып, қайта жаңартылды. 2024 жылдың соңына дейін арық жүйесін қалпына келтіру мен оны дамыту су басу мен суаруды қамтамасыз ету мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама