Halyq Uni логотип
×

Ақтөбеде қызына азғындық жасады деген айыппен анасы сотталды

Сот үкімімен «Ж»-ға 9 жыл, ал «М»-ға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды

 Халық үні 24.05.2022 | 02:42
Ақтөбеде қызына азғындық жасады деген айыппен анасы сотталды
Фото: inform.kz

Ақтөбе кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қызына азғындық жасады деген айыппен анасы мен оның танысы сотталды. Қылмыстық іс «Жас балаларды азғындық жолға түсіру» бабы бойынша қозғалған. 

Облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2020 жылдың 30 қазан күні сағат 12.00-ден 18.00-ге дейін «Ж» азаматша 2012 жылы туған қызына азғындық әрекеттер жасаған. Оның жанында «М» есімді адам болған. Сот отырысы кезінде жәбірленушінің, оның заңды өкілдерінің, куәлардың, сақтауға тапсырылған айғақтар және сараптама қорытындысы, болған жерді қарау және тергеу экспериментінің хаттамасы негізінде екі айыпталушының кінәсі толық дәлелденген. Осыған байланысты сот «Ж» және «М»-ны тағылған айып бойынша кінәлі деп таныды.

Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ. Керісінше, сот алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен қылмыс жасау жазаны ауырлататын жағдай деп таныды. Сот үкімімен «Ж»-ға 9 жыл, ал «М»-ға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушылардың екеуі де педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылған», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама