Ерменсай және Барлык өзендеріндегі су қоймалары жобалау сатысында тұр
Алматыда 4 жаңа су қоймасының жобасы жасалып, құрылысы басталды. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
Қазір 4 жаңа су қоймасының жобасы жасалып, құрылысы басталды. 27 желтоқсанда Наурызбай ауданының шығыс бөлігіндегі Қарғалы өзені бойындағы су қоймасы техникалық іске қосылады.
Ақсай су қоймасы жоспарланған мерзімге сәйкес салынып жатыр. Ерменсай және Барлык өзендеріндегі су қоймалары жобалау сатысында тұр.